Мәжілістің бүгінгі отырысында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заң жобасы қаралды.
Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Берік Оспановтың айтуынша, бұл заң ерекше экологиялық, ғылыми-тарихи және инфляциялық құндылығы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жерін күзетуге және қорғауға бағытталған.
Бүгінгі таңда елдің экономикалық даму қарқынының өсуі және табиғи ресурстарды пайдалануды күшейту жағдайында биологиялық әртүрлі элемент ретінде бірегей табиғи ресурстарды сақтау жүйесін одан ары жетілдіру мәселелері өзекті болып отыр. Осы жағдай Елбасының «Қазақстан-2050 стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген. Онда табиғи ресурстардың сарқылуы және біздің табиғи байлықтарға деген көзқарасымызды қайта пайымдаудың қажеттілігі сияқты пікірлер атап өтілген. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қыркүйектегі Жолдауында туризмді, әсіресе экономиканың маңызды саласы ретінде эко және этно туризмді дамыту туралы міндетті қойды, — деді депутат.
Қазіргі уақытта қорықтар табиғи резерваттар, ұлттық парктер, ботаникалық бақтар, өңірлік парктер, табиғат ескерткіштері, қорық аймақтары жататын ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жалпы алаңы 26,2 млн гектер немесе ел аумағының 9,6% құрайды екен. Қаралып отырған заң жобасы осындай жерлерді сақтап қалуға бағытталған.
Оның негізгі идеясы туризм нысандарын және ерекше стратегиялық маңызы бар құрылыстарды салу және олардың жұмыс істеуі үшін бұрын шығарылған және мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтару. Мәселен, іс жүзінде мұндай жағдайлар бар. Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жерлері. Ауыстырған жерлерді игерілмеуіне және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кірмеуіне байланысты олар тиісті түрде қорғалмайды. Соның салдарынан өзінің бірегейлігі мен құндылығын жоғалтып жатыр. Сонымен қатар, осы аумақтарда мекендейтін жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне залал келтірілуі мүмкін, — дейді Берік Оспанов.
Бұдан басқа депутаттар экологиялық туризмді дамыту аясында табиғатты қорғау мекемелерінде көрсетілетін қызметтердің тізбесін кеңейтуді ұсынды.