Мақтаарал ауданындағы топан су шайған Фирдауси ауылында алғашқы 10 үйдің іргетасы қаланды. Жалпы бұл ауылда 150 үй бұзылып, 80 баспананың іргетасын қалауға дайындық жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 470 жұмысшы атсалысқан.
Бүгінде Фирдауси ауылындағы141 отбасыға үкімет резервінен бөлінетін 17 млн теңгенің 50 пайызы яғни 8,5 млн теңгесі аударылған. Қазір тұрғындар осы қаржыға үй салуға қажетті құрылыс заттарын сатып алып жатыр.Үйінің іргетасын қалағандардың қатарында Музафар Шарапов та бар.
» Үйімнің іргетасын көтеріп қойдым. Ақшамыз қолымызға тие сала құрылыс заттарын сатып алдым. Үкіметімізге, облыс,аудан басшыларына, бізге жауапты боп бекітілген Келес ауданының әкімдігіне алғысымыз шексіз»,-дейді Музафар Шарапов.
Бүдан бөлек, мұнда үй аулаларын үйінділерден, күл-қоқыстардан тазарту, үй салынатын орындарды тазалау жұмыстарына өзбекстандық 100 адам мен 10-ға жуық арнайы техникасы, Келес ауданынан 30 адам,6 техника жұмылдырылған.Бүгінге дейін ауылдағы 12 көшеден 180 тонна күл-қоқыс шығарылыпты.
Келісім-шартқа тұрған үйдің барлығына 1 транш бойынша 17 миллион теңгенің 50%-ы аударылып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жаппай жүруде. Сондай-ақ, 2 транш бойынша 2 үйге жоғарыда аталған қаржының 25%-ы аударылған.
Қазіргі таңда 266 үйдің іргетасы қаланып, 138 үйдің қабырғасы өрілуде. Сонымен қатар, 19 үйдің шатыры жабылған.
Бұдан бөлек, 36 үйдің құрылыс алаңы дайындалып, құрылыс жұмыстарын бастау үшін ретке келтірілген. Осы уақытқа дейін ауылда 314 үйге бұзу жұмыстары жасалған.
Жалпы Фирдаусиде 1093 құрылысшы 24 ұжымға бірігіп, құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Бұған дейін Өзбекстан Республикасы тарапынан фердаусилықтарға үйлерді бұзу үшін арнайы техниклар көмек берген болатын.
Айта кетейік, Фирдауси ауылы 1981 жылы құрылған. Елді мекеннің жер көлемі 1357 гектарды, оның ішінде егістік жердің көлемі 1279 гектарды құрайды. 2377 тұрғын тұрады.
Ауылда 1 мектеп, 1 балабақша, 1 медицина пункті бар. Сонымен қатар, 182 шаруа қожалығы, 2 мал бордақылау алаңы, 2 сауда нүктесі,1 мақта түту цехы мен 1 диірмен жұмыс жасайды.