#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Nur Otan» партиясының араласуынан кейін ақтөбелік спортшылардың жалақысы төленді

Ақтөбе облыстық волейбол командасының құрамы жалақының кешеуілдеуін айтып бірнеше рет шағымданған.

«Nur Otan» партиясының араласуынан кейін ақтөбелік спортшылардың жалақысы төленді, деп хабарлайды ADYM.KZ әлеуметтік желі қолданушысы Ғабит Сапарбековтың фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
­
Ақтөбе облыстық волейбол командасының құрамы жалақының кешеуілдеуін айтып бірнеше рет шағымданған. Бұл мәселе «Nur Otan» партиясы филиалы кіріскен соң шешімін тапқан.
­
Аймақтағы партиялық бақылау комиссиясының отырысында барлық спорттық ойындар өткізілгенімен, 20 спортшының 5 ай уақыт ішінде ақшаларын алмағаны белгілі болды.
­
Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы олардың жұмыс актілеріне наурыздың басында қол қойғандарын жоққа шығармады, бірақ кейіннен «ПОШ» сауықтыру орталығын (оның құрамына волейбол ойыншылары кіреді) мемлекеттік сатып алудың күмәнді қатысушысы деп тану туралы сотқа шағым түсірген. Бұл ойыншыларға бөлінген ақшаны төлемеуге себеп болған.
­
«Атқарылған жұмыстардың актісі бар, спорт командасы жарысқа кетті, ал волейболшылардың өздері қазір қиын жағдайда. Қарапайым адамдар зардап шекпеуі керек», — деп атап өтті партиялық бақылау комитетінің төрағасы Сергей Вишняк.
­
Отырыстың ертесінде облыстық спорт басқармасы ойыншыларға 11,7 миллион теңге қарызын аударды.

Соңғы жаңалықтар