ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» №24 қаулысына және «Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының құрылымы мен штат кестесін бекіту туралы» №191 қаулыларының негізінде Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың өкімімен 4 бірдей мемлекеттік әкімшілік лауазым иелері тағайындалды.
Атап айтқанда, Мақтаарал ауданы әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы болып Мусрепов Бауыржан Абдихадирович, Мақтаарал ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы болып Досымов Сакен Беласарович, Мақтаарал ауданы әкімінің кеңесшісі болып Атакулов Дархан Мухамеджан, Мақтаарал ауданы әкімінің көмекшісі болып Жайсанбаев Бекжан Каналбаевич орынтақтарына жайғасып, үлкен жауапкершілікпен жұмыстарына кірісті.
Аудан басшысы жаңадан тағайындалған лауазым иелерінің атқарар жұмыстарына сәттілік тілеп, өңірдегі қиын жағдай кезеңінде аянбай қызмет етулеріне сенім білдірді.