«Nur Otan» партиясы тарапынан ұйымдастырылған «Біз біргеміз» акциясы аясында 10071 мұқтаж отбасы 50 мың теңгелік бір реттік әлеуметтік көмекке ие болып, ол үшін жалпы 503 млн. 550 мың теңге бөлінді. ⠀
Редакция таңдауы
Түркістанда 1187 жанұяға азық-түлік үлестірілді
«Nur Otan» партиясы тарапынан ұйымдастырылған «Біз біргеміз» акциясы аясында 10071 мұқтаж отбасы 50 мың теңгелік бір реттік әлеуметтік көмекке ие болып, ол үшін жалпы 503 млн. 550 мың теңге бөлінді. ⠀
Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгелі біршама сала бойынша жұмыстар уақытша тоқтағаны белгілі. Осындай уақытта, табысынан айырылған, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекет тарапынан көмектер реті көрсетіліп келді.
⠀
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан мыңдаған Түркістан тұрғыны шотына тікелей 42500 теңгелік әлеуметтік көмектен аударылды.
⠀
«Nur Otan» партиясы тарапынан ұйымдастырылған «Біз біргеміз» акциясы аясында 10071 мұқтаж отбасы 50 мың теңгелік бір реттік әлеуметтік көмекке ие болып, ол үшін жалпы 503 млн. 550 мың теңге бөлінді.
⠀
Бұған қоса, екі ай ішінде қалалық әкімдік қолдауымен кәсіпкерлер тарапынан 1187 жанұяға азық-түлік пакеттері үлестірілді. Оның ішінде, 30 сәуір күні «Instagram» парақшамызда алдыңғы екі көмекке қол жеткізе алмаған тұрғындарды айқындау мақсатында үндеу жасалған еді. 700-ден астам пікір жазылып, 503 өтінім тіркелді. Себебі кей пікірлер қайталанып немесе бұрыс жазылған болып шықты. Қаламыздың демеушілері тарапынан ертеректе қолдау көрсетілмеген азаматтар тізімі жасақталып, 400-ден астамына азық-түлік себеттері жеткізілді. Қалған отбасыларға жақын арада үлестірілуі жоспарланған.