#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент полицейлері үш тәулік ішінде 48 пәтер ұрлығын ашты

Полиция департаментінің қызметкерлері «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Ағымдағы жылдың 13-15 мамыр аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында пәтер ұрлықтарын ашу мақсатында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Шымкент қаласы ПД-нің баспасөз қызметі.

Ондағы мақсат жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін арттыру болатын. Аталмыш іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшін Криминалды полиция, Әкімшілік полиция, Жедел-криминалистикалық басқармаларының қызметкерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылып, олар бекітілген  жоспар бойынша жұмыс істеді. Жедел-профилактикалық іс-шара қала аумағын толық қамтып, үш күндік рейд барысының нәтижесінде 48 пәтер ұрлығы ашылып отыр. Пәтер ұрлықтарына қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар