#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мақтааралдық 1210 оқушы лагерьге барады

Мақтаарал ауданындағы техногендік апат салдарынан су астында қалған елдімекеннің мектеп жасындағы 1210 оқушысы жазғы каникулды тиімді өткізбек.

Мақтаарал ауданындағы техногендік апат салдарынан су астында қалған елдімекеннің мектеп жасындағы 1210 оқушысы жазғы каникулды тиімді өткізбек. Атап айтқанда, Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы оқу-сауықтыру лагеріне 15 күндік демалысқа үш кезеңмен 706 оқушы барса, Түркістан облысының Төлеби ауданында орналасқан лагерьге 504 оқушы жазғы демалыстарын өткізеді.

Бүгін мақтааралдық 250 оқушы Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы «Балдәурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығына жолға шықты. Бұл өз кезегінде мектеп жасындағы балалардың уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға үйрететін, жаңа достар табуға септігін тигізетін сапар болмақ. Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінен жоғарғы сыныптың 52 оқушысы, Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінен 71 оқушы, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінен 66 оқушы, «Нұрлы жол» жалпы орта мектебінің 61 оқушысы және балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15 жетекші мұғалім мен медбикелер де аттанды.

Сондай-ақ аталған мектептердің 200 бастауыш сынып оқушысы және оларға бас-көз болатын 15 мұғалім мен медбике Төлеби ауданындағы «Балдәурен-Түркістан» оқу-сауықтыру орталығына жіберілді. Атап айтсақ, Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінен 56 оқушы, Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінен 67 оқушы, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінен 40 оқушы, «Нұрлы жол» жалпы орта мектебінің 37 оқушысы 15 күн бойы лагерьде өмір сүреді. Балалар қосымша мұнда сабақ та оқитын болады.

Соңғы жаңалықтар