Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 77 адам тіркелді (16.05.2020 жылғы сағат 23:59-дегі мәлімет бойынша).
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 77 адамнан COVID-19 диагнозы нақтыланды: олардың 3 Атырау облысынан келген, 2 халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі, 4 жақын қарым-қатынастағылар ретінде бақылауға алынған, 68 скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 344 адам анықталды.