#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкенттік белсенділер еріктілер тобын құрып, Төлебиге көмек көрсетті

Волонтерлар Төлеби ауданына 15 мамыр күні жиналған қордан (206 000 теңгеге) алынған 103 литр сертификатталған антисептикпен қамтамасыз еттi.

Волонтерлар Төлеби ауданына 15 мамыр күні жиналған қордан (206 000 теңгеге) алынған 103 литр сертификатталған антисептикпен қамтамасыз еттi. Бүгінгі таңда аталған елдi мекендерде күрделі қалпына келтipy жұмыстары жүрiп жатқандығы мәлім. Волонтерлар көмектесу шараларын ары қарай жалғастыратын болады.

Естеріңізге салсақ, Түркicтан облысының Төле би ауданынында жаңбыр салдарынан орын алған су тасқыны 2020 жылы 13 мамыр сағат 16:30 шамасында басталып, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суы, өзендер мен арыктарда су деңгейiн көтеріп 6 елдi мекендегi 215 үйдiң ауласына, оның iшiнде 103 тұрғын үйге су кipген. Төтенше жағдай департаментінің ақпаратына сүйенсек: Ленгір қаласында 15 үй(48 — адам), елдi мекендерде : Ынтымақ — 5 үй (27 адам), Достық 8 үй (41 адам), Сұлтан Рабат Сауран көшесiнде 69 үй (499 адам). Каскасу елдi мекенiнде «қаскасу» өз бойында 4 көпiрдi су шайып кеттi. Сұлтан Рабат елдi мекенiнiң Сауран көшесiнiң 14 отбасы 78 тұрғыны (11 ер адам, 37 әйел адам және 30 бала) №8 колледж жатақханасына эвакуацияланып, 421 тұрғын жақын тұратын туыстарың үйiне жеткiзiлдi. Орын алған жағдайды ретке келтipyге 275 адам, 11 мотопомпа, 33 техника жұмылдырылды. Бұл жағдаймен танысуға Түркістан облысы әкiмi Өмірзақ Шөкеев келiп, жергiлiктi әкiмдiктерге бip қатар тапсырмалар берiлдi. Төле би ауданы бойынша «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасы басшылығы, Төле би ауданы мәслихаты депутаты Аширбеков Ханай Асанұлы басшылығымен Ленгер қаласы, жаңа мөлтек ауданы маңындағы Спорт кешенінде жинақтау қоры ашылды.

Жинақтау қоры ерiктiлер көмегімен қайырымдылық жасаған ел аманатын тiзiмге алып, топтап, зардап шеккен елдi мекендерге әлеуметтік көмекпен қамтамасыз еттi. 14.05.2020 Жауын бәсеңдеп, су деңгейi томендедi, арнайы мамандар зардап көлемiн анықтау жұмыстарына кipicтi. Жинақтау қорында оқиға кайталанған жағдайда жалпы саны 200 ерiктi, керектi құрал сайман және жұмыс киiмiмен камтып, шұғыл көмек көрсетуге дайын.

Соңғы жаңалықтар