#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды

65 жастағы азаматша 2-мамыр күні ЖРВИ диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

Шымкент қаласында 11 мамыр күні коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. 1955 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Қаратау ауданының тұрғыны. 65 жастағы азаматша 2-мамыр күні ЖРВИ диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 теріс нәтиже берген.

6 мамыр күні азаматша жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылып, ИВЛ аппаратына қосылған. Қайта ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы жүргізіліп, COVID-19 диагнозы қойылды. Науқастың қосалқы аурулары: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, семіздік ауруының екінші дәрежесі, созылмалы калькулезді холецистит, созылмалы панкреатит.

Науқас емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 11 мамыр күні, сағат 11:55-те науқас қайтыс болды. Науқаспен қарым-қатынаста болған отбасы мүшелеріндегі 1 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталып, емдеу шаралары жүргізілуде, жағдайы жақсы. 2020 жылдың 11 мамыр күнгі жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының 239 жағдайы тіркелген.

Соңғы жаңалықтар