Облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласын газдандыру бойынша тиісті жұмыстар қызу жүріп жатыр. Бүгінде Отырыр мөлтек ауданы мен ХҚТУ тұрғын үй массиві аумағындағы ГРП-1,2,3 нысандарындағы газға қосылған үйлердің саны 130-ге жетіп отыр. Бұл жұмыстар мөлтек ауданын толығымен газдандырғанға дейін жалғасын табатын болады.
Бүгінгі күнге Түркістан қаласында 42 000 тұрғын немесе 26% табиғи газбен қамтылған. Қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету «Бейнеу-Бозай-Шымкент» магистралды газ құбырынан жүзеге асырылады. Түркістан қаласын газдандыру 11 кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Көне шаһардағы жеке үйлер мен көпқабатты тұрғын үйлерді газдандырудың 4-кезеңінің құрылысы 2019 жылы аяқталды. Нәтижесінде қала тұрғындарының 41% табиғи газбен қамтылды.
Ауқымды шаруаның жалғасуына кедергі жоқ. Түркістан қаласын толығымен газдандыру құрылысын 2020 жылдың соңына 100% аяқтау жоспарланып отыр.