Өзіне қол салмақ болған 33 жастағы әйел спирттік ішімдік ішкен болып шықты.
Жезқазғандық полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған келіншекті құтқарып қалды. 10 мамар күні таңғы сағат 6:00 кезінде Жезқазған қаласының полиция басқармасына көпқабатты үйлердің бірінде келіншек балконнан секіріп кетпекші екендігі туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына келген полицейлер 4-қабаттың балконында отырған келіншекті көреді. Ермұханбет әйелдің назарын аударып, оны сөзге тартып тұрғанда, полиция қызметкері А.Балғабай терезе арқылы балконға еніп әйелді құтқарып қалады. Өзіне қол салмақ болған 33 жастағы әйел спирттік ішімдік ішкен болып шықты.