Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Атамекен» ҰКП және салалық қауымдастықтардың басшылығы қатысты.
Кеңестерде кәсіпкерлік субъектілерін салықтық ынталандыру, несиелендіру мәселелері, отандық тауар өндірушілерді қорғау, реттелетін сатып алулар құралдары, экспортқа бағытталған, ең алдымен, орта және жоғары бөліністегі өнімдерді өндіретін кәсіпорындарды қолдау, рұқсат беру рәсімдерін одан әрі жеңілдету және т. б. шаралар егжей-тегжейлі қаралды.
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстанның экономикалық өсімін қалпын келтіру жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу кезінде экономика салаларын қолдау бойынша әзірленген тәсілдерді ескеруді тапсырды.