#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: 300 тонна қырыққабат балалар үйіне жеткізілмек

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде өсірілген 300 мың тоннаға жуық қырыққабат дақылын еліміздің өзге облыстарына келіссөздер жүргізу арқылы жөнелту қолға алынды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде өсірілген 300 мың тоннаға жуық қырыққабат дақылын еліміздің өзге облыстарына келіссөздер жүргізу арқылы жөнелту қолға алынды. Міне бүгін осы тапсырма аясында Жетісай ауданынан 250 тоннаға жуық қырыққабат тиелген 10 жүк көлігі жолға шықты. Бұл орамжапырақтар «Дегдар» қайырымдылық қоры арқылы еліміздегі барлық балалар үйлеріне және тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратылып берілмек. Бұдан бөлек, Жетісай ауданының әкімі Алматы қаласы әкімдігімен тікелей байланысқа шығып, келісім негізінде 300 тонна орамжапырақ тиелген жүк көліктерін Алматы қаласындағы базарларға жөнелтті.

«Бүгінгі таңға дейін аудан бойынша 705 гектар жерден жалпы көлемі 20 мың тонна орамжапырақ жиналды. Нақтырақ айтсақ, жетісайлық 367 шаруа қырыққабат дақылын ексе, соның 246-сы қазіргі таңға өнімін жинап үлгерген. Бірде бір қырыққабат жерде қалып жатқан жоқ. Індетке байланысты қиындықтар туындағанымен диқандар өз өнімдерін саудалап үлгеруде. Шаруалардың еңбегі еш кетпеуі үшін өзге облыс орталықтарының басшыларымен тоқтаусыз келіссөздер жүргізіп жатырмыз»,- дейді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев.

Жалпы бүгінде Жетісай ауданында 78 мың гектар алқапқа егін егілуде. Соның биыл 1180 гектарына ерте көктемгі қырыққабат егілген болаты

Соңғы жаңалықтар