#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанда 20 мың медицина қызметкері COVID-19 індетіне тесттен өтті

Қазақстанда 20 мың медицина қызметкері коронавирусқа тесттен өтті

Қазақстанда 20 мың медицина қызметкері COVID-19 індетіне тесттен өтті. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

«Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе – Президенттің тапсырмаларын орындау. Басты міндеттердің бірі – тест арқылы анықтау жұмыстарының көлемін арттыру. Осы ретте айта кетерлігі, сәуір айында анықталған індет жағдайларының 67 пайызы симптомсыз болған. Бұл алдын алу диагностикасының арқасында анықталды», — деді Дәурен Абаев

Министр әлемдік тәжірибе көрсеткендей медицина қызметкерлерін тест арқылы тексеріп отыру өте маңызды екенін атап өтті. «Сол үшін елімізде 20 мыңнан аса медицина қызметкері тест арқылы тексерілді», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар