Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 13 адам туралы ақпарат.
Вирус жұқтырған екі азамат ТЖД қызметкерлері. Олар 1963ж, 1993 жылғы. Қалған он бір азамат-1973ж,1988ж, 1989ж, 1973ж, 1999ж,1985ж, 1984ж, 1970ж, 1994ж, 1967ж, 1946 жылғы қала тұрғындары. Олар мұнан алдын коронавирус инфекциясы анықталған азаматпен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
25.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 159 адам анықталды.