Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы аумағындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы өртті ауыздықтауға Ұлттық ұлан сарбаздары аттанды.
ШҚО-дағы өртті сөндіру үшін Көкшетаудан МИ-26Т алып тікұшағы ұшып шықты «Бүгін Ұлттық ұланның «Шығыс өңірлік қолбасшылығына қарасты 68303 әскери бөлімінің механикаландырылған құтқару отряды Бесқарағай ауданына жол тартты. Ұлттық ұланның 70-тен астам құтқарушылары мен 8 арнайы техникасы ТЖД құрамымен бірге Байдәуле орман шаруашылығы ауданындағы өртті сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарына жұмылдырылған», — дейді ҰҰ «Шығыс» ӨҚ баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.
Естеріңізге сала кетсек, кеше ШҚО-дағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында өрт шыққаны хабарланған. Бүгін аталмыш аймаққа Көкшетаудан МИ-26Т алып тікұшағы ұшып шыққандығы жазылды.