#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 63-ке жетті

2020 ж. 21 сәуір күнгі ақпарат бойынша Түркістан облысында тағы 5 адамнан коронавирус инфекциясы расталып, облыста науқастар саны 63-ке жетті.

2020 ж. 21 сәуір күнгі ақпарат бойынша Түркістан облысында тағы 5 адамнан коронавирус инфекциясы расталып, облыста науқастар саны 63-ке жетті.

Арыс қаласының 1964 ж., 1999 ж., 2013 ж. тұрғындарынан және Созақ ауданы, Созақ ауылының 1979 ж., 2002 ж. тұрғындарынан COVID-19 инфекциясы расталды. Аталған азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен жақын байланыста болған. Олармен жақын байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.
Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған).

Арыс ауданында — 17, Кентауда — 5, Мақтаралда — 4, Ордабасы — 4, Сайрамда — 3, Сарыағаш ауданында — 4, Түркістан қаласында – 2, Созақ ауданында – 2 және Бәйдібек және Қазығұрт аудандарында 1 науқастан анықталды.

Соңғы жаңалықтар