#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте көліктер мен азаматтардың қозғалысына тіркейтін портал іске қосылды

Шымкентте көліктер мен азаматтардың қозғалысына рұқсат беру рәсімін автоматтандыру бойынша арнайы веб-сайт іске қосылған.

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты.

Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, төтенше жағдайға байланысты Шымкентте көліктер мен азаматтардың қозғалысына рұқсат беру рәсімін автоматтандыру бойынша арнайы веб-сайт іске қосылған.

— Бекітілген қаулыға сәйкес, қалада жаяу жүргіншілерге және көлік құралдарына анықтама арқылы ғана жүруге рұқсат етілген болатын. Алайда аталған жағдай бойынша, қалада жалған анықтама арқылы жүргендер көбейген, бұл полиция қызметкерлерінің тексерісінің нәтижесінде анықталып отыр. Сол себепті, қалада қағаз жүзінде берілген анықтаманы пайдалану 2 күннен бері тоқтатылды. Осы орайда тәжірибелі компаниямен келіссөз жүргізіліп, кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына арналған Shym-karantin.kz веб-сайты іске қосылды. Ол үшін тұрғындар Шымкент қаласы әкімдігінің сайтына кіру арқылы өздерінің немесе көліктердің қала ішінде жүруіне рұқсат етілгендігін біле алады. База күн сайын жаңартылып отырады, — деді қала әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ жиында сөз алған Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Береке Дүйсебеков барлық бекеттерде «Жасыл дәліз» ұйымдастырылып жатқанын атап өтті. Ол жерден тіршілікті қамтамасыз ететін көліктер, азық-түлік тасымалдаушы машиналар мен транзиттік жүк көліктері, сондай-ақ, басқа да арнайы техникалар кедергісіз өтеді. Береке Талғатұлының атап өтуінше, коммуналдық сала мен медицина қызметкерлерінің 90 пайызға жуығы аталған сайтқа тіркелген.

Сондай-ақ брифингте «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шымкент қалалық филиалының директоры Нұрлан Қабыштаев көліктер мен азаматтардың қозғалысына рұқсат беру тәртібін жан-жақты түсіндіріп, қала тұрғындарын шектеу кезіндегі талаптарды барынша сақтауға шақырды.

Айта кетсек, қала тұрғындары төтенше жағдайға байланысты кез кезген сауалдарына 39-50-55 нөміріне қоңырау шалу арқылы жауап ала алады.

Соңғы жаңалықтар