2020 жылдың 11сәуір күнгі жағдай бойынша Шымкент қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі — COVID-19) 31 жағдайы тіркелген.
«Тәуелсіздікке 20» елді мекеніндегі 2 отбасы мүшелерінде зертхананың сынамалар теріс болып, олар бүгін үйіне шығарылды. Дәрігерлер пациенттердің жағдайы жақсы дейді. Дертінен айыққандар 1970 жылғы және 1996 жылғы бір отбасының мүшелері. Нақтырақ айтқанда, анасы мен баласы.
Ал қалған отбасының 3 мүшесі медициналық қызметкерлердің бақылауымен 14 күндік карантин аяқталғанға дейін қалады, себебі інісінен COVID-19 ауруы 12 күні анықталып, әкесімен қарындасы жақын байланыста болған.
Айта кетейік, қалған 28 пациенттің жағдайы тұрақты, қолданыстағы хаттамаларға сәйкес емдеу жалғасуда.
Түркістан облысынан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына COVID19 ауыруына шалдыққан ауыр жағдайда 2 науқас ауыстырылды (48 және 60 жас). Олардың жағдайы бүгінгі күні тұрақты, динамиканың жақсарғаны байқалады.