#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысының тұрғыны коронавирус инфекциясын жұқтырды

Күні бүгінге дейін барлық сақтық шаралары қатаң сақталып, індеттен аман келген Түркістан облысының тұрғыны коронавирус инфекциясын жұқтырғаны жария етілді. Бұл жәйтке қатысты нақты мәліметтер ертең арнайы өткізілетін брифингте мәлім етілмек.

Бұған дейін Түркістан облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов коронавирустық инфекция тіркелген басқа елдерден келген 51 азамат категориялар бойынша медициналық бақылауға алынғанын мәлім еткен болатын.

Оның ішінде 1А категориясымен 18 адам, (Франциядан -1, Италия -2, Испания -1, Индия-10, БАӘ-1, Германиядан-3),1Б категориясымен 33 адам бақылауға алынған. (О. Корея-24, Нидерланды -2, Литва -1, АҚШ-1, Англия-1, Украина-1, Польша -1, Чехия -1). Сондай-ақ өзекті рейстер бойынша науқастармен қарым-қатынаста болған 8 азамат анықталып, COVID-19-ға тексерілгені, зерттеу нәтижелері теріс болып шыққаны айтылған-ды.

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан «ЖРВИ» клиникалық белгілерімен келген 16 азамат стационарларға жатқызылып, лабораториялық тексеруден өткізілген. Стационарлардан шығарылған азаматтар саны 38-ге жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар