Бүгін «Шаншар» әзіл-ысқақ театырының құрылғанына 25 — жыл толуына орай, Шаншардан түлеп ұшқан әзіл майталмандарының қатысуымен «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК-нің концерттік залында «Шаншар» театырының мерейтойы тойланды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Шымкент қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шаншар» театрының іргетасы сонау 1994 жылы қаланған екен. Дегенмен, құжаттар толық рәсімделіп, ресми түрде іске кіріскен мерзімі 1995 жыл. Театрдың негізін қалаушылар – Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіпбек Ақшораев сахнада бірге сонау 1988 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатыр. Астарлы әзіл, ой саларлық қалжыңымен көрерменнің жүрегіне жол тартып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген «Шаншар» осы 25 жылда талай биіктерді бағындырды.
Мерейтой шымылдығы Уәлибек Әбдірайымовтың әдемі әзілімен ашылып, театр әртістерінің сахналық көріністеріне ұласты.
Кеш қонақтары «Алтын дауыс» ән фестивалінің жеңімпазы Таңат Мамырханұлы, Эстрада жұлдыздары Заттыбек Көпбосынұлы, Ғазизхан Шекербеков, Хадиша Шалабаева, Күміс көмей әнші Наркенже Серікбаева және Анар Талғатқызы әннен шашу шашып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.