Түркістан: Үкіметтік емес ұйымдар сайлауға белсене қатысады

Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облысының «Азаматтық Альянсы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің» төрағасы Шәріпбек Жамалбек төрағалығымен облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың жиыны өтті. Жиында еліміздегі басты саяси оқиға – сайлау мәселесі талқыланды.

537

Басқосуда «Түркістан облысының іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Инара Намазбаева, «Жайылма» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанболат Сүйінбаев, Түркістан қалалық «Семей ядролық сынақ полигоны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахмет Оспанов, «Эко Атамекен» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлнәр Ниязова өз пікірлерін білдірді.
Жиынды жүргізген Шәріпбек Жамалбек әрбір адам өзінің азаматтық белсенділігін көрсетіп, елдік мәселе қозғалған саяси оқиғалардан шет қалмауы керектігін айтты.
«Ата-бабамыз көксеген тәуелсіздік туы көгімізде желбіреп тұр. Ендігі мақсат әрі басты міндет сол тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау және оны одан әрі нығайту болып табылады. Елбасымыздың бастаумыен Қазақстан барлық салада жетістікке жетті. Енді біз бірігіп ел мүддесі жолында тынбай еңбек етуіміз керек. Президенттің өзі айтқандай, қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету үшін айқындық қажет. Сол үшін ҮЕҰ-дар сайлауға бір кісідей жұмылып атсалысайық», – деді ол.
Үкіметтік емес ұйым басшылары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімін қолдайтындарын, сайлауға белсенді түрде қатысатындарын жеткізді.