SYHMKENT: Коммуналдық тарифтер төмендетілді

104

SYHMKENT. Шымкентте коммуналдық тарифтер төмендетілді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  өткен жылы  7 қарашадағы Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаларын орындау бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шымкент қаласында барлық коммуналдық қызметтер тарифтері төмендетілді, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Алайда, әр ай сайынғы коммуналдық төлем түбіртектеріне шамадан тыс төлем қосып шығаратын монополист мекемелердің жауапсыз қызметіне қала тұрғындары әлі де көңілі толмай отыр. 04.03.2019 62 Facebook Twitter Google+ Pinterest Vkontakte Telegram Қала тұрғындары қаңтар айына арналған түбіртектерде коммуналдық қызметтер тарифтерінің төмендегенін көре алады. 2018 жылдың желтоқсан айының түбіртектерімен салыстырғанда биыл қаңтар айының түбіртектеріндегі көрсетілетін қызметтердің 1 шартты бірлігіне тарифтер мынадай деңгейде төмендетілген.   Шымкенттегі «ҚуатжылуОрталық-3» МКК–нің жылумен жабдықтау бойынша орташа тарифі тұрғындарға 1 Гкал үшін 6055,48 теңгеден 4910,28 теңгеге немесе 18,9 пайызға, сонымен қатар есептеуіш құралдары жоқ тұрғындар үшін 1 шаршы метрге 142,31 теңгеден 110,78 теңгеге немесе 22,16 пайызға төмендеді. Ал, тозығы жеткен үйлерде 1 шаршы метрге 118,58 теңгеден 92,31 теңгеге немесе 22,15 пайызға арзандаған. Заңды тұлғалар үшін орташа тариф 1 Гкал үшін 17319,26 теңгеден 15587,34 теңгеге немесе 10 пайызға төмендеген. Сонымен қатар сумен жабдықтау бойынша «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің тарифі тұрғындарға 1 м3 үшін 97,97 теңгеден 88,17 теңгеге немесе, ал заңды тұлғаларға 1 м3 үшін 333,96 теңгеден 300,56 теңгеге төмендеді.
Суды бұру бойынша тариф тұрғындарға 1 м3 үшін 39,03 теңгеден 35,13 теңгеге, заңды тұлғаларға 1 м3 үшін 170,26 теңгеден 153,24 теңгеге төмендеді. Қалада газбен жабдықтау бойынша тариф құны небәрі 2 теңгеге төмендеген. Алайда шаһар тұрғындарының «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ШӨФ-ның қызмет көрсетуіне үнемі сын айтып келеді.  «Энергопоток» ЖШС-нің Электр энергиясымен жабдықтау бойынша тарифі де болмашы тиын ғана төмендеген.
Атап айтар болсақ, электр плиталарын пайдаланатын тұрғындар үшін 1 кВт.сағатқа 110 кВт/сағ-қа дейін – 12,9360 теңгеден 12,0512 теңгеге, 110 -нан 170 кВт/сағ-қа дейін — 18,8720 теңгеден 17,5840 теңгеге, 170 кВт/сағ-тан жоғары — 23,5872 теңгеден 21,9744 теңгеге төмендеген. Электр плиталарын пайдаланбайтын тұрғындар үшін 1 кВт.сағатқа 70 кВт/сағ-қа дейін – 14,4816 теңгеден 13,4960 теңгеге, 70 -тен 140 кВт/сағ-қа дейін — 18,8720 теңгеден 17,5840 теңгеге, 140 кВт/сағ-тан жоғары — 23,5872 теңгеден 21,9744 теңгеге арзандаған.