#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістанда Ауған соғысының ардагерлеріне арналған шара өтті

Аталған шараға ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсен Тәжібаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев және соғыс ардагерлері, облыстық, қалалық депутаттар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Túrkistan. Бүгін Түркістан қаласындағы Жеңіс саябағында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ерлікке тағзым» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.                                                         
«Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Жыл сайын Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткішке келіп, өмірден озған қандастарымыздың рухына тағзым еткеніміз жөн. Себебі, қан майданда борышын өтеп, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Осындай шараларды жиі өткізіп тұрғанымыз дұрыс. Өйткені, келер ұрпақтың санасына сіңіріп, өткенді бағалаудың алар орны ерекше. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деді ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Тәжібаев.                                                          
Іс-шарада ардагерлер мен елағалары да сөз сөйледі. Тарихтан сыр шерткен ауған соғысының батырлары, бүгінгі таңда атқарылып жатқан жағымды жаңалықтарымен де бөліскенді жөн санады. Мәселен: жыл басталғалы атқарылған 8 іс-шараның барлығы жастарға патриоттық тәрбие беруде қолға алынғанын атап өтті. Жақында ғана қыздар арасында баскетболдан ұйымдастырылған халықаралық турнир соның бір айғағы.        Жалпы салмақты спорттық сайыстар мен тәрбиелік мәні зор кездесулер жиі ұйымдастырылуда. Осылай деген ауған соғысының ардагерлері өткізіліп жатқан әртүрлі іс-шараларға қолдау білдіріп отырған облыстық ішкі саясат басқармасына алғыстарын білдірді. Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 1227 ауған соғысының ардагері бар. Кездесу барысында соғысына қатысқан ардагерлер облыстық мәслихат пен облыстық әкімдіктің Алғыс хаттарымен марапатталды. Шара соңында жиналғандар мемориалдық ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жауынгерлер рухына тағзым етті. Сонымен қатар арнайы дастархан жайылып, дүниеден өткен қаруластардың рухына құран бағышталды.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...