Әблязовтың сыбайластары Сот қызметін сыйламай жүр

779

Ұлттық көзқарасымен аты шыққан Мұхтар Аблязовтың сыбайласы Александр Поткинді Мәскеуде өткен сот отырысына халат киген күйде жеткізген деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы оның Twitter парақшасында көмекшісі жазған.
«Александр Анатольевич сот отырысына 40 минут қалғанда сот болатынын білді. Ол ваннадай шыққан күйде жеткізілді», — деп жазылған хабарламада.
Александр Поткин БТА банк мүлкін заңдастырды деп айыпталып отыр. Саясаткерге тапсырыстарды БТА банктың бұрынғы қожайыны Мұхтар Әблязовтан беріп отырған. Қазір ол үй қамақта отыр. Еске сала кетейік, Қазақстанда Мұхтар Әблязов банкир Тәтішевті өлтіргені үшін өмір бойына сотталды. Алайда өзі сотқа келген жоқ.
Мұхтар Әблязов өмір бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол «Банк Тұран Әлем» акционерлік қоғамының бұрынғы төрағасы Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды», — деген күдікке ілінді.
Мұндай мәліметті еліміздің Бас прокуратурасы таратты. Бұл қылмысты жасау алдында ол Мұратхан Тоқмәдимен сөз байласқандығы да айтылады.
Осы себепті, Әблязовқа биыл 31 шілдеде ақпарат құралдары, оның ішінде Le Figaro француз газеті арқылы Қазақстан прокуратурасына келуі жайлы хабарлама жіберілген еді. Бірақ, өзі мен қорғаушысы сотқа дейінгі тергеу процесіне қатыспаған соң күдіктіге сырттай шешім шығарылады.