Шымкенттік автоәуесқойлар Жаңа жылға ерекше флешмоб жасады

108

Шымкенттік автоәуесқойлар қазақстандықтарды жаңа жылмен ерекше құттықтады, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қалалық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мегаполис тұрғындары өз автокөліктерімен шырша бейнесінде флешмоб ұйымдастырды. Осылайша миллионды қаланың тұрғындары отандастарымызға жаңа жылда молшылық пен бақыт тіледі.
Үшінші мегаполис тұрғындары қазақстандықтарды жаңа жылмен ерекше құттықтады. Мереке қарсаңында шымкенттік автокөлік жүргізушілер ерекше флешмоб ұйымдастырып, көліктерімен Наурыз алаңында шырша болып тізілді. Шымкенттіктер қазақстандықтарға тек жақсылықтар тіледі.
Шымкенттіктер келе жатқан 2019 жылмен қазақстандықтарды ерекше құттықтады. Наурыз алаңында өткен ерекше автофлешмобқа 100-ден астам автоәуесқой қатысып, шырша белгісімен тізілді. Осылайша мегаполис тұрғындары қазақстандықтарға жаңа жылда мол табыс, жарқын жетістіктер тілейді.