Шымкент – Дубай халықаралық тікелей ұшақ рейсі ашылды

49

Бүгін Шымкент және Дубай қалалары аралығында тікелей ұшақ қатынай бастады, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ұшақ бағытының салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласы туризм және сыртқы саясат басқармасының жетекшісі Тұрар Ахметов және Шымкент Халықаралық әуежайының өкілдері қатысты.
Жолаушыларды «Fly Dubai» компаниясының ұшақтары тасымалдайды. Әуе кемесі екі қаланың арасында 1 аптада екі рет ұшады. Рейстің ұзақтығы – 3 сағат.
Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қараша айында Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингте жылдың соңында Шымкент және Дубай қалаларының арасында тікелей ұшақ қатынасы ашылатынын хабарлаған болатын. Тікелей ұшақ рейсі аймақтық және қалалық әуе қатынастарының дамуында маңызды рөл атқарады.