Түркістан облысының әкімі үздік спортшыларға құрмет көрсетті

Төле би ауданында өткен "Тау самалы — жан самалы" шаңғы фестивалінде спортшыларды марапаттаған өңір басшысы, оларға "алдағы сайыстарда да сенімді ақтаңыздар" деген тілегін жеткізді.

301

Биыл Түркістан облысының спортшылары республикалық, халықаралық жарыстарда жақсы жетістіктерге жетті. Жыл бойы ел намысын абыроймен қорғаған сайыпқырандарды Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы марапаттап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.                                    
Жиында 2018 жылы Индонезиядағы жазғы Азия ойындарында чемпион атанған дзюдошы Дидар Хамза мен байдарка және каноэ есу спортының өкілі Евгений Алексеевке 1 млн. теңге көлемінде сыйақы тапсырды. Олардың бапкерлеріне де дәл осындай құрмет көрсетілді. Сонымен бірге, Азия ойындарында қола жүлдегер атанған Нұрлан Мырзабаев (таеквондо), Айжан Жылқыбаева (самбо), Татьяна Приходько (семсерлесу) және Гузаль Айнитдинова (теннис) мен олардың бапкерлеріне 300 мың теңге көлемінде сыйақыны табыс етті. Даңқты бапкер мырзағали Айтжанов бастаған Түркістан облысының бокс құрамасына да құрмет көрсетілді. Маңғыстауда өткен ел чемпионатында топ жарған жігіттер халықаралық додаларға және Токио Олимпиадасына дайындықты қазірден бастап кетті.