Ордабасыдағы жер мәселесіне байланысты дау оңтайлы шешімін табуда

2536

Adym.kz. Жеке кәсіпкер Д.Ержанов пен жеке кәсіпкер С.Абжалов арасында туындаған жер мәселесіне орай, Ордабасы ауданы әкімдігі төмендегіше мәлімдейді:
С.Абжаловқа жер телімін сатып беру туралы Бадам ауыл әкімі М.Қонысовтың 08.01.2016 жылғы Ордабасы аудандық жер учаскесінің құқық беру комисиясының №1 мәжілісінің қорытындысына сәйкес 02.01.2016 жылғы №11 шешімімен құрылыс материалдарды және көмір қоймасы құрылысы орны үшін жер телімін сатып беру туралы толық кадастрлық құнымен 5 254 800 (бес миллион екі жүз елу төрт мың сегіз жүз) теңгеге жеке меншікке 2,1895 гектар жер телімін сатып берген. Аталған шешімге сүйеніп жеке кәсіпкер С.Абжалов кадастрлық номері 19-293-030-6539 санды мемлекеттік акт алғандығы анықталды.
Жеке кәсіпкер Ержанов Даурен Құралбайұлына жер телімін жалға беру туралы Бадам ауыл әкімі Б.Дүйсембаевтың 22.12.2010 жылғы Ордабасы аудандық жер учаскесінің құқық беру комисиясының №43 мәжілісінің қорытындысына сәйкес 05.01.2011 жылғы №1 шешімімен құрылыс материалдарын түсіру алаңын салу үшін 49 жылға 5601,0 шаршы метр жер телімін жалға берген. Аталған шешімге сүйеніп жеке кәсіпкер Д.Ержанов кадастрлық номері 19-293-030-5378 санды мемлекеттік акт алған.
Алайда, аталған құжаттар аудандық жер-кадастр бөлімшесінің жер қоры базасынан анықталмады. Қазақстан Республикасының 19 бабына сай (аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауыл округтер әкімдерінің құзіреті) кіретіндігін және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 167 бабына сәйкес (жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртiбiмен қаралатыны) қаралады. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер Д.Ержановтың арызы негізінде аудандық Ішкі істер бөлімі тарапынан тергеу амалдары жүргізілуде.