Мұхтардың бұл ісінен түк шықпайды

448

Adym.kz. Шетелде бой тасалап жүрген Мұхтар Әблязов тыным табар емес. Биліктің былығын айтыпты кезекті рет. Жүйемен әлеуметтік желі арқылы күресуге көшкен Мұхтар тағы үндеу жасаудан шаршар емес.
Бұл туралы белгілі саясаткер Айдос Сарым: «Мұхтар тіл білмейді. Мемлекеттік тілге қатысты көзқарасы түзу екеніне күмəніміз бар. Күні кеше латын тіліне қарсы шықты. Қазақ тіліне қатысты əлеуметтік желіде жазылған жазбаларының бірінде тіл үйренгісі келмейтіндердің таптаурын пікірін қайталады. Мұхтарға тіл керек емес, анығы. Сол сияқты қазақ мəселесі де Әблязовты соңғы кезекте мазалауы мүмкін. Ол қазақтан сондай алыс адам. Ендеше оның билікке келуінен қазаққа қандай пайда бар?», деген ой айтады.
Әблязовтың ит терісін басына қаптап, ашық сынап жүрген саясаттанушының бірі – Айдос Сарым. Мұхтардың кезекті үндеуін естіген Сарым қалыс қалуды қаламаған сыңайлы. Ол былай депті:
«Әй, Мұхтар?! 23-інде халыққа тағы да алаңға шығыңдар деп үгіттеп жатқанға ұқсайсың. Бармаймын бұған, басқаларға да осындай кеңес беремін. Неге?
Біріншіден, Әблязов мен үшін сөзіне жүгінетін, пікірін тыңдайтын абырой-беделі бар тұлғаның санатына жатпайды. Тұлға да емес, тұлға болмаған да. Өзін оппозиция серкесі ретінде көрсеткісі келеді. Ол ешқашан оппозиция көсемі болмаған. Оппозиция оның жекеменшігі емес, әрбірден соң.
Талас тудырмас ақиқат: Мұхтар да қазіргі жүйенің бір бөлшегі. Қазіргі жүйенің жемісі. Оның өзі де қылмыскер.
Қазіргі билікті сынамас бұрын, алдымен өзінің былықтарын ашып айтсын. Мемлекетті, елді қалай тонағанын көзқарақты қауым жақсы біледі. Мойындау да ерлік. Бірақ, Мұхтардың бойында мұндай қабілет жоқ.
Екіншіден, Әблязовтың үгіт-насихатының бағыты пен бағдары, мақсаты мен мазмұны мүлде ұнамайды маған. Түсініксіз. Түк мәні жоқ популистік ұран.