Қожамжаров: Әблязов пен Храпуновтар жауапкершіліктен құтыла алмайды

429

Қазір Әблязов пен Храпуновтар бастаған ірілі-ұсақты елуден астам жемқор шетелде жасырынып жүр, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Статусын саясиландырғанына қарамастан Мұхтар Әблязов, сондай-ақ Виктор мен Лейла Храпуновтар жауапкершіліктен жалтара алмайды, деді Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Қайрат Қожамжаров.
«Соңғы он жылда шетелде тығылып жүрген 205 жемқордың 152-сі қайтарылды. Алайда 8 миллиард доллардан астам қаражатты қымқырған бұрынғы министрлер мен әкімдер әлі де шетелде жасырынып жүр. Бірінші кезекте, ҰҚТ басшылары Әблязов пен ерлі-зайыпта Храпнуовтар. Статусының саясиландырылғанына қарамастан олардың жауапкершіліктен қаша алмайтынына сенімдіміз», — деді Қожамжаров Астанадағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық конференцияда.
Оның айтуынша, шетелдік әріптестермен серіктестік нәтижесінде әрбір қашқын жемқор судья шығарған үкім бойынша жазасын алады, ол үшін мемлекеттер күш біріктіріп, қылмыскерлер мен активтерді қайтарудағы қосарлы стандарттарды жоюы тиіс.
Конференция барысында агенттік басшысы мәлімет бергендей, бүгін 40-тан астам мемлекетпен активтерді қайтару туралы келісім жасалған.