«Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің салтанатты ашылуы болды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы Шайымованың Түркістан облысына іссапары барысында «Түркістан-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобалық кеңсенің негізгі мақсаты — азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады.
Іс – шара барысында Агенттік тарапынан А.А.Шайымова мен облыс әкімдігі тарапынан облыс әкімінің орынбасары М.Н.Отарбаев «Түркістан-Адалдық алаңы» жобасы аясында бірлесіп жұмыс жасау туралы құжатқа қол қойды.
Айта кетсек, Жоба Астана қаласының тәжірибесі бойынша енгізілуде.
Нақтыласақ, аталған жоба келесі мәселелерді шешуге бағытталған, яғни кедергісіз және жайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлық жағдайларын туғызбайтын лайықты еңбекақы тағайындау, қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру бойынша нақты шараларды енгізу, ашықтық пен ауқымды қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу саласының ашықтығын арттыру,сот және құқық қорғау жүйесін сервистік форматқа ауыстыра отырып, сапалы өзгерістер енгізу.