Түркістан облысында егін шаруашылығы өндірісі өнімінің көлемі 10 млрд. теңгеден асты

183

Ордабасы ауданының егін шаруашылығында биыл 58 200 гектарға ауылшаруашылық дақылдары егіліп, нәтижесінде 71 700 тонна көкөніс, 50 755 тонна бақша, 9500 тонна картоп, 52 901 тонна дәндік дақылдар, 5 510 тонна майлы дақылдар, 18 697 тонна мақта, 5 545 тонна жеміс- жидек өнімдері толықтай жинап алынды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңадан қосылатын суармалы жерлердің көлемі 1423 гектарға ұлғайтылып, жоспар (1000 га) 142 пайызға; 721,02 гектарға тамшылатып суару әдісі енгізіліп, меже (700 га) 103 пайызға орындалды. 14,39 гектар жылыжай іске қосылды. Терең қопсыту әдісін қолдану бағытында – 9500 га жерді өңдеу жоспарланып, бұл бағытта 11 соқа алынып, 9807 га жерге терең қопсыту әдісі ендірілді. Аудан көлемінде 63 бірлік жаңа заманауи өндірістік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, жоспар 100 пайызға орындалды. Егін шаруашылығы өндірісі жалпы өнімінің көлемі 10 млрд. 698 млн. 500 мың теңгені құрады. Түркістан-Ордабасы. Жаңадан қосылатын суармалы жерлердің көлемі 1423 гектарға ұлғайтылып, жоспар (1000 га) 142 пайызға орындалған.
Жыл өткен сайын мал басының артуы көңіл қуантады.Соның ішінде ІҚМ басы 81994 бас  106,5%-ға, қой-ешкі 437577 бас 104,5%-ға, жылқы 9983бас 108,5%-ға, түйе 2742 бас 105,4%-ға артты, шошқа 1089 бас, 82,4% құраған.