«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының бұйрығымен Бахыт Басымбек Шымкент қалалық филиалының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Еңбек жолын 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК бөлімінің Сарыағаш аудандық филиалының бас маманы қызметінен бастап, 2006-2016 жылдары осы орталықтың облыстық филиалында бас маман, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2016-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалының «Әлеуметтік төлемдер ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің директоры, директордың орынбасары болды.
2018 жылғы 1 қазанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды.
«Азаматтарға арналған үкіметтің» жаңа филиалы ашылды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында өзгерістер орын алды. Аймақтың қайта құрылуына, Шымкент қаласы республикалық мәртебесін алып, ал облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілгендігіне байланысты, мемлекеттік корпорацияда жаңа филиал пайда болды.
Түркістан облысының тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 24 фронт-офис, 5 сектор жұмыс істейді, оның ішінде 2 сектор мамандандырылған ХҚО секторы болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияның Түркістан облысы бойынша әкімшілігі Түркістан қаласы, Төле би көш, 63 ғимарат. индекс 161200, Реквизиттері: БСН 180541003290, KZ446010291000066755, БСК HSBKKKZKХзаңды мекенжайына ауыстырылды.
Шымкент қаласының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді мамандандырылған ХҚО мен көші-қон орталықтарын қоса алғанда жалпы саны 10 фронт-офисті құрайтын ХҚО-дан ала алады.
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді рәсімдеу, сонымен қатар мерзімдер мен тізімдер өзгеріссіз қалады.
Айта кету керек, ауыл шаруашылық қызметтері оның ішінде субсидиялау бойынша, заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу, медицина, құрылыс саласы және оралман мәртебесін алу үшін рұқсат беру құжаттарын оның ішінде лицензия және хабарлама дайындау мемлекеттік қызметтері бойынша аймақтық ХҚО-ға жүгіну қажет.