​Түркістандық ескек есушілер Азия чемпионатында бақ сынады

2018 жылдың 21 қазан күні Өзбекстанның Самарқанд қаласында параканоэден Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен жарысқа Азия құрлығының 6 мемлекеті — Өзбекстан, Қазақстан, Иран, Тайланд, Үндістан және Жапониядан 66 ға жуық есушілері қатысты. Чемпионаттың қортындысы бойынша Қазақстан құрама командасының параканоэшілері 1 күміс, 1 қола медалін жеңіп алды. Осы орайда айта кетсек, Ел құрама командасында түркістандық спортшыларда бақ сынады. KL-3 бойынша 200 метрге Жалғас Тайкенов мәре сызығына екінші жетіп келіп, күміс медалінің иесіне айналды. Ал, KL-2 бойынша 200 метрге сайыстарда Бибарыс Спатай қола медалін жеңіп алды.
Осы орайда айта кетсек, жеңімпаз спортшылар келесі жылы Әлем чемпионатында бақ сынайды. Айтулы дода 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензия ойнатылатын болады.
Халықаралық турнир аясында біруақытта бірнеше жарыс ұйымдастырылды: 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында, 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында, сонымен қатар параканоэден чемпионат пенересек спортшылар арасында байдаркамен және каноэмен ескек есуден Азия кубогы. Халықаралық турнир 200 метр қашықтыққа параканоэмен жүзуден басталды. 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында елордалық спортшылар 4 алтын, 4 күміс және 1 қола медальға қол жеткізді: