Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін жаңа бастама қолға алынды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Сарыағаш ауданында жақында жақсы бір бастама пайда болған, яғни жастарға ауыспалы караоке өз жұмысын бастаған болатын. Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» тағы бір бастама пайда болды. Ол жастарға кешкісін бос уақытын тиімді пайдалану, қазақ фильміне деген сұранысты арттыру, тәрбиелік мәні бар фильмдер арқылы жастарды тура жолға бағыттау, ата-анаға құрметті, досқа деген адалдықты күшейту мақсатында басталған бұл бастама жастар арасында сұранысқа ие болып жатыр.
Көрсетілімде тек қазақ филмдерінің тәрбиелік мәні бар туындылары көрсетіледі.Бастаманың бастауы Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінің жатақханада жататын студентерінен басталды. Ондағы фильмдерді тамашалаған жастар көз жастарына ерік бере алмады.
Жастардың қазіргі таңда шетелдің фильмдеріне деген сұраныс көп екенін айтып қазақ фильмдерін көруді ұмытқанын айтып, бүгінгі көрсетілген туындылар шет елдің ешбір киноларынан қалыспайтынын жеткізіп, қазақ фильміне алғыстарын айтты.Сарыағаш ауданы «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Қанат Иматов өз сөзінде: Біз алдағы уақытта караоке және тәрбилік мәні бар фильмдерді ауыл жастарына тарту ететін болмамыз. Өзіміз осы екі жаңа бастаманы жоспарға енгіздік, енді Сарыағаш ауданында орналасқан 14 ауылдық округтердегі мәдениет үйіннің келесімен көрсетілімдерді қоятын боламыз.