Түркістандағы құрылыс нысандарының сапасы қатаң бақылауда

Брифингте облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының есебі тыңдалды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Басқарма тарапынан үстіміздегі жылдың 9 айында 2420 нысанның құрылысы қадағаланған. Облыс орталығы Түркістан қаласында облыстық мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылауы басқармасының 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Жиынды брифинг спикері мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары Мерлан Керімжанов басқараманың жұмыс барысы туралы таныстырылды.
— Басқарманың басты міндеттерінің бірі — құрылыс нысандарының сапалы, қауіпсіз болуын қадағалау және бақылау. Биылғы жылға бекітілген іс- жоспарға сәйкес басқарма тарапынан үстіміздегі жылдың 9 айында 2420 нысанның құрылысы қадағаланды, яғни ҚР «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының талаптарына сәйкес құжаттар рәсімделіп, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаныт туралы басқармаға хабарлама берілген. Оның ішінде жеке қаражат есебінен — 2057 нысан, бюджет қаражаты есебінен – 363 нысанның құрылысы қадағаланды. Бюджеттік нысандарды салаларға бөлетін болсақ: әлеуметтік нысандар – 96, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көп қабатты тұрғын үйлер құрылысы: бюджет қаражатымен — 73, жеке салушылар есебінен салынған 6 көп қабатты тұрғын үй, 31 қызметтік үй нысандарына қадағалау және бақылау жұмыстары жүргізілді,- деді Мерлан Абдрахманұлы.
Заңсыз жүргізілген құрылыс жұмыстарын тексеру бойынша аудан, қалаларды бақылау және қадағалау кезінде құзырлы органдардан келген хаттар мен арыз-шағымдар негізінде нұсқамалар талабы орындалмаған 356 нысан тексеріліп, заң аясында шара көрілген.