Елбасы мақаласы тарихымызды танып білудің басты бағдары

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлыт басылымы «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген ««Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына Түркістан облысының зиялы қауым өкілдері де үн қатуда, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
«Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Бұл мақалада тарихымыздың тереңде жатқанын айта келіп, оны әлемге танытудың бағыт-бағдарын көрсетіп жол сілтейтін, еліміздің дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Тарихи сананы жаңғырту бөліміндегі, Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы атты тармағында дала фольклоры мен музыкасын жаңғырту, ұлы даланың көне сарындарынан айырылып қалмай, туындылар топтамасын шығарып, оны цифрлық форматта «жаңа тыныс» алумен үйлестіріп, Орталық Еуразия кеңістігімен мен барша әлемге дәріптеу мәселелері көтеріліп отыр. Онда ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту және қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта қолға алуды тапсырды. Сонымен қатар фольклорлық дəстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет екендігі айтылды.
Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы дәл уқытында жарияланып отыр. Қазақстанды әлем таныды. Енді елімізді басқа қырынан, тарихымыздың тереңде жатқанын дәлелдеп, танытуымыз керек. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс», дейді түркістандық жас ақын Мұқағали КЕНЖЕТАЙ.