Созақ ауданының тумасы 90 жылдыққа арналған бәйгеге автокөлік сыйлады

Созақ ауданының 90 жылдығына орай ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. 11-қазаннан бастап Созақ ауданы тұрғындары 90 жылдық мерекені тойлап жатыр. Айтулы мерекенің алғашқы күні әлеуметтік нысандар ашылып, «Сырлы Созақ» тақырыбында айтыс өтсе, келесі күні спорт ойындарына ұласты, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Созақ аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен орталық ипподромда көкпар, қыз қуу, бәйге сынды спорт жарыстары өткізілді. Тай бәйге, құман бәйге, аламан бәйге жарыстарына аудан кәсіпкерлері мен Облыс мәслихат депутаты Тұрысбеков Мағауия демеушілік етті. Сондай-ақ, Аудан тұмасы Сібірбаев Бағлан «priora» автокөлігін сыйға тартты. Аламан бәйге қорытындысы бойынша, Алматы облысынан келген Үмбетов Ғабит 1-орынды жеңіп алды. 2-орын 500 мың ақшалай сыйлықты Теңізбаев Тоқан қанжығасына байлады.
Сондай-ақ, Дәуренбаев Сұлтанның «Ғажап» шаруақожалығы 3-орын 200 мыңмен Жамбыл облысынан келген Құрманғалиев Төреби 4 — орын 100 мың теңге иеленсе, 5- орынды «Досаевтар» әулеті қанағат тұтып 50 мың иемденді. Құнан бәйге нәтижесінде: 5-орын «Досаевтар» әулеті — 50 мың. 4-орын Жүзжігітов Жұман — 100 мың. 3-орын Рахтаев Руслан — Жамбыл облысынан — 100 мың 2-орын Нәбиқұлов Жаңабай — 150мың 1-орын Олжабаев Асқар, Тараз қаласы — 250 мың Тай жарысы бойынша: 5-орын Өтегенов Бейбітжан — 30 мың 4-орын Айтпан Айсұлтан — 50 мың 3-орын Әкен Нұрбол — 80 мың 2-орын Олжабаев Асқар — 100 мың 1-орын «Дәуренбаев Сұлтан алды.
Сонымен қатар, Г.Асқаров атындағы «көзайым» жүлдесімен «Ғажап» шаруақожалығының төрағасы Дәуренбаев Сұлтан марапатталып, жылқы олжалады. Ниязәліұлы Мерей, Созақ аудандық спорт бөлімі басшысы: «Бүгін Созақ ауданының 90 жылдығына орай спорт байқаулары өтуде. Биыл автокөліктер мен ақшалай сыйлық тағайындалды. Аудан басшылары мен жеке кәсіпкерлері демеушілік жасады. Бул бәйгенің ерекшелігі жылдағы жарыстарға қарағанда жүлде қоры жоғарылап, биыл басқа облыстан келген кұрама саны едәуір артты. Спортқа қолдау көрсеткен аудан басшылары мен кәсіпкерлерге алғыс айтамыз!», деді.