Созақта өткен ақындар айтысының жеңімпазына 1 млн теңге берілді

Түркістан облысында теріскейдің 90 жылдық тойына орай елімізге танымал ақындардың қатысуымен республикалық «Сырлы Созақ» тақырыбында ақындардың айтысы өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Созақ өңірінің сыры мен қырын жырға қосқан ақындар айтысында үздік өнер көрсеткен Астана қаласынан келген Аруна Керімбекқызы, қызылордалық Мөлдір Айтбай, бәйдібектік Қажымұқан Абзалов, Өзбекстан Республикасынан келген Құлмахан Дүйсенов суырылып шықты.
Аталған айтыскерлердің әрбірі 100 мыңтеңге ақшалай сыйлықпен марапатталып, арнайы табысталды. Жүлделі үшінші орын алған Шымкент қаласынан келген Нұрлан Есенқұлов 200 мыңтеңге сыйақыны иеленсе, жүлделі үшінші орынды қанағат тұтқан павлодарлық Аспанбек Шұғатаев қанжығасына 300 мың теңгенің сыйын байлады. Ал бірінші орын алған созақтық Қалижан Білдәш 500 мың теңге иеленсе, Түрікстан облысынан келген Жарқынбек Наушабеков бас жүлдені жеңіп алып, аудан әкімі Салыхан Полатов 1 млн. теңгені салтанатты түрде табыс етті.
«Сырлы Созақ» атты жыр додасында сегіз арқалы ақын қара сөзді қастерлеп, айтысты сағына күткен оңтүстіктерді торқалы тоймен құттықтады. Созақтың  90 жылдығына орай ұйымдастырылған аламан айтыста елімізге  танымал  ақындар елдің тарихын, мәдениеті мен қоғамдағы рөлін, кешегісі мен бүгінін, болашағын жырға қосты.