Түркістан облысында металлургия саласының болашағы зор

Adym.kz. Президентіміз Н. Назарбаев, өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында еліміздің өткені мен бүгініне, тарихы мен болашағына көз жүгіртіп, өзінің келелі ойларымен бөлісті. Соның ішінде қазба байлыққа бай қазақ жеріндегі металлургия саласының қалай дамығанына да тоқталған.
«Расымен де, еліміздің экономикасында тау-кен саласының алатын орны ерекше. Минералдық шикізаттың ірі базасы қалыптасқан Қазақстан қара металлургияның аса маңызды өнімдерін шығарады. Біздің кәсіпорындар  түсті, сирек кездесетін асыл металдардың 40-тан астам түрін өндіреді, осылардың негізінде және химия өнімдерінен бұйымдар жасайды. Қазақстанда өндірілетін түсті металдар дүние жүзінің көрмелеріне қойылған, қара металлургияның, ферросплавтың және хромит рудасының біраз мөлшері экспортқа шығарылады. Ел экономикасының іргетасы  саналатын металлургия тарихына тоқталған елбасының мақаласынан түйгенім, болашақта біз әлемдегі ірі алпауыт тау-кен өндірісін дамытуға ден қоюымыз керек», дейді Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Руxани жаңғыру бағдарламасының жетекшісі.