Түркістан облыстық №1 перинаталды орталықта туылған үшемдер бүгін перзентханадан шықты. Сарыағаш ауданының тұрғыны 32 жастағы Ұлжалғас Бақтыбаева 8 баланың анасы атанды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айберік, Байсерік және Гүлсімді үйлерінде бес бауыры күтіп отыр. Сәбилер уақытынан бұрын туғандықтан, әрқайсысының салмағы 2,5 килодай ғана болған. Қазір анасының да, сәбилерінің де денсаулығы бірқалыпты, – дейді дәрігерлер. Көп балалы ана балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Мерзімінен ерте дүниеге келген нәрестелерді дәрігерлер бір апта бойы жан — жақты бақылаған. Үшемдердің ата-анасының орталық дәрігерлеріне деген алғысы шексіз. Айберік, Байсерік және Гүлсімді үйлерінде бес бауыры күтіп отыр.
Дәрігерлер нәрестелерді бір апта бақылауда ұстапты. Күні кеше үшемді дүниеге әкеліп, сегіз баланың анасы болған Ұлжалғас перзентханадан аман-есен шықты. Өмір есігін жаңа ашқан Айберік, Байсерік және Гүлсімнің бес аға-әпкесі бар. Перинаталды орталықтың дәрігерлері нәрестелер мен балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейтін Ұ. Бақтыбаеваның денсаулық жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.