Түркістан облысында су спортының даму болашағы мол

Байдарка және каноэде ескек есу спортынан Қазақстан құрама командасының жетекшісі Сергей Токарницкий Түркістан облысына келіп, Ескек есу және желкенді спорт ассоциоциясымен келісім шартқа қол қойды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының байдарка және каноэде ескек есу спорт мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 жастағы есуші Сергей Токарницкий халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол 2015 және 2017 жылдарда өткен Азия чемпионатында түрлі бағдарламалар бойынша 5 алтын, 1 күміс медалін жеңіп алған. 2016 жылы Рио де Жанейрода өткен жазғы олимпиада ойындарында ел намысын қорғап, 10 — орынды иеленген болатын.
Сонымен қатар ол жуырда Индонезияда өткен Азия чемпионатында 1 алтын, 1 күміс медалін жеңіп алған болатын. Спортшымен ассосиация арасында бір жылға келісім шарт жасасып, Сергей Токарницкий 2019 жылы өтетін жарыстарда 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алу міндеті қойылды. Спортшыға 2019 жылы өтетін жарыстарда 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алу міндеті қойылды. Индонезияда өткен Азия чемпионатында 1 алтын, 1 күміс медалін жеңіп алған болатын.