Ассамблеясының мүшелері теледидар арқылы тыңдады, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Оған облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-ның қызметкерлері, облыстық ардагерлер кеңесінің және этномәдени бірлестіктер жанындағы ардагерлер ұйымының мүшелері қатысты. Президент көтерген жаңа бастамаларды зор ықыласпен қабылдап, Жолдауда ұсынылған халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруды көздейтін шараларға ризашылықтарын білдірді.
Елбасының Жолдауынан кейін облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов Президентінің ең өзекті, қоғамдағы маңызы зор мәселелерді қозғағанын айта келіп, оның барлығы берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында жүзеге асатынына тоқталды.
— Елбасы Жолдауы барша қазақстандықтарға тың серпін береді. Президент Тәуелсіздік алған жылдардан бергі жетістіктерға тоқтала отырып, алда тұрған мақсат-міндеттерді атап көрсетті. Соның ішінде ауылдық жерді өркендету, ауыл экономикасын көтеру мәселесі, сондай-ақ білім, мәдениет, денсаулық сақтау салаларында үлкен өзгерістер болатыны, соған сәйкес қомақты қаржы бөлінетіні айтылды. Осыған орай атқарушы және өкілді билік орындарына нақты тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысы айтқандай бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса Қазақстан үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес жоқ, — деді жиында сөз алған облыстық ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері Досыбай Шерімқұлов.
Басқосу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдаструымен «Қарттарын қадірлеген ел – ардақты» дөңгелек үстелмен жалғасын тапты. Онда Жолдауда айтылған міндеттерді орындауға ел болып жұмылу жайы айтылды.