«Қожа Ахмет Ясауидің 70 хикметі» кі­та­бы латын әліпбиінде және орыс тілінде жарық көреді

Ел­ба­сы­мыз Н.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақа­ласына орай «Қожа Ахмет Ясауидің 70 хикметі» кі­та­бы латын әліпбиіне және орыс тіліне ауда­­ры­­лып, жақын арада бас­падан шық­ты. Сонымен қатар қорық-музейдің 40 жыл­­­­ды­ғына орай «100 аңыз», «Әзірет Сұл­­тан» қорық-музейіне 40 жыл» және «Түр­­­кістан жазирасының қыш ыдыстары» ат­­ты жаңа альбом-кітаптары жарық көрді, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің жылдық жоспарына сәйкес жыл басынан бері музейде түрлі кездесулер, салтанатты мәдени іс-шаралар, дөңге­лек үстел, конференция, көрмелер ұйым­дас­тырылып келеді. «2018 жылғы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметкерлерінің 2050 жылғы әріптестеріне жазған «аманат хат» капсуласын салтанатты түрде орнату рәсімі өткізілді. Биыл «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі 50-ге жуық көрме өткізді.
Дегенмен, көрмелердің ең негізгісі мамыр айында өтті. Негізгі деп айтардай бар, қорық-музей өз тарихын­да ал­ғаш рет шет мемлекетте көрме­лер ұйым­­дастырды. Атап айтатын болсам, Түр­кия мем­лекетінің Кастамону, Анкара, Бурса қа­­ла­ларында «Ясауи мұралары және Түркістан» тақырыбында көрме ұйым­дастырылды. Маңызды бастаманың бас­­ты мақсаты – шетелдіктерге елімізді, мә­де­ниетімізді таныту. Таныта отырып ту­рис­тер санын арттыру болып табылады.
Алдағы уақытта осы қазан айының 18-20 ара­лығында Қазақстан Республи­касының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай «Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізуді жоспарлап отырмыз. Конференцияға отандық және шетелден келетін ғалым­дар қатысатын болады. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі архео­логия­лық қазба-зерттеу жұмыс­тарын жүргізу лицензиясына ие болған бірден-бір ұжым есебінде, биыл қорық музейдің археологтары Түркістан қаласынан сол­түс­тік-батысқа қарай 33 км-дей жерде, Жаңақорған өзенінің жағалауында орна­ласқан Мергентөбе жерінде архео­логиялық қазба жұмыстарын бастады. Қазба нәтижесінде ежелгі обалар орны анықталды.
Археолог мамандардың айтуынша, сыртқы тұрпаты ерекше бұл ес­­керт­­кіштер өткен дәуірлерден өте құнды ақ­­парат­тар берді деп батыл айтуға тұрарлық. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы­ның «Қазақстанның киелі жерлері гео­графиясы» жобасы бойынша «Қасиет­ті Қазақстан» орталығымен 100 киелі жердің республикалық тізі­мі жасалынғаны белгілі.