Әблязовтың көздегені хайп жасап, елдің берекесін кетіру

193

Фейсбук желісіндегі жазбаларында еркін көсілген банкир ертегі ойлап табуға да кірісіпті. Әсіресе, «ҚЫТАЙ, 2030 ЖЫЛ. Пекин Мемуниверситетінің студенттеріне арналған дәріс» деген ертегі жазады, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
«Қытайлықтар 2030 жылы өз студенттеріне «Біз Қазақстаннан 1 млн га жерді жалға алдық. Қазақстанда 15 млн ханьға арналған қала тұрғыздық» деп дәріс оқып тұр» деген ойға симайтын дүниелер жазады. Қайраңға шығып қалған балықтай, басын тауға да тасқа да ұрған бұрынғы банкир болмағанды болғандай етіп айтатын жағдайға жетіпті.
13 сәуірде жазған постында латын қарпіне көшу туралы Елбасы ұсынысын сынға алады. «Латын қарпіне көшсе қазақ тілін үйрену жеңілдеп кете ме? Бірден елде қазақ тілін үйрететін тегін оқу курстары ашыла сала ма? «Қазақстандқтардың барлығы қазақша сөйлеп кете ме? деп ел ішіне шоқ тастайды.
Мемлекеттік тілді меңгеру мәселесінің ушығып тұрғанын пайдаланған банкир осының барлығы қазақ тілін күштеп үйрету үшін жасалып жатыр дегенді меңзейді.
Әрі қазақ тілін білмейтіндерді латын қарпін енгізуге қарсы қояды. «Латын қарпі мемлекетті он жылға кері шегіндіреді» дейді банкир. Европада тұрып жатқан азаматтың латын тілінің әлемдік өркениетке ілесетін төте жол екендігін білмеуі мүмкін бе? Соңғы 100 жылда басылған кітаптарды келешек ұрпақ білмей кетеді дегенді алға тартады.
Қазақстан мектептерінде орыс тілі «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы аясында міндетті түрде оқытылады. Онда келешек ұрпақ киррилицаны білмей кетеді деп күмән туғызып, байбалам салудың не қажеті бар?
Қашып жүрген банкир Қазақстанда төңкеріс жасау үшін күні-түні әлеуметтік желілерде пост жазып, «азуын айға білеп отыр». Тек елді соңынан ерту үшін қазақты сүю керек. Қазақты сүю үшін елге қызмет ету керек.