Қазақстандықтар үшін Әблязовтың ақшасынан елдің тұтастығы қымбат

192

Әблязов қарапайым қазақты не алаңдататынын білмейді. Қазақ аш болса да ертеңіне тәубе қылып өмір сүретін халық. Қазақты тек ары мен намысы ғана көшеге шығара алады. Оны өткен жылдардағы Жер мәселесі дәлелдеді, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Жер мәселесінде халық жалақым аз, күнкөрісім қиын деп емес, жерімді өзгеге басыбайлы етпеймін деп көтерілді. Және көтерілгеннің бәрі қазақ тілді қазақтар. Әблязовтың ең үлкен қателігі өзінің соңынан орыс тілді қазақстандықтарды ертіп төңкеріс жасаймын деп қиялға берілуі. Қазақстанның орыс тілді бөлігі ешқашан көшеге қарсылық акциясына шықпайды. Себебі олардың жағдайы біршама тәуір. Ал, қазақ тілді қазақтар өз елінен жеріп, сыртта бас сауғалап жүрген бай қаржыгердің соңынан ермейді. Кезінде қазаққа пана бола алмаған адам енді кімді көгертпек. Қазақты соңынан оның тарихы мен мәдениетін бойына сіңірген адам ғана ерте алады. Мұхтар Әблязовтың қазақы дүниетанымнан алыс адам екендігі қазақтың жүзге бөлінуі туралы жазған мысқыл постынан айқын аңғарылады. 11 сәуірде «ЖҮЗ ТУРАЛЫ! деп айғайлатып ат қойған жазбасында «Франция миграциялық қызметінде қай жүзден екендігімді сұрады. Қазақтар танысқанда қай жүзден деп сұрайды, сіз қай жүзденсіз деп сұрады. Ал мен оларға Қазақстан туралы сіздерге қате түсінік берген деп айттым. Инстаграмда жастар да осы сұрақты маған жиі қояды. Мен Қазақстаннан кеткен 8 жылдың ішінде барлығы өзгеріп кетті ме?» дейді. Мұхтарға қарағанда француздар қазақы танымды зерттеп-білген сияқты. Әйтпесе, танысып-біліскенде руы мен жүзін сұрасу ата-бабадан қалған әдет емес пе.
Бүгінде Әблязов пен оның жақтастарына қатысты Ресейде, Украинада және Қазақстанда 11 бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оларға 12 млрд АҚШ доллары көлемінде ақша жымқырды деген айып тағылып отыр. Ал, Мұхтар Әблязов БТА Банкке қатысты сот процесінен ел назарын су тасқынына, латын қарпі мәселесіне аударуға тырысып бағуда. Тіпті, Қазақстан Үкіметі су тасқынының алдын алу туралы мен жазғаннан кейін ғана мәселені шешуге кірісті деп жазды. 6 мамырдағы постында «Осыдан бірнеше апта бұрын мен елде су қоймалары жүйесін салып, су тасқыны мен ауыл шаруашылық жерлерін суару мәселесін шешу туралы ұсыныс жасағанмын. Міне, Қазақстан үкіметі қозғалып, 22 жаңа су қоймасын салу туралы мәлімдеді» деп жазады. Не деген жанашырлық. Алыста отырып ақыл айтқан әрине оңай. «Бұл мәселе «Қазақстанның демоктартиялық таңдауы» жаңа оппозициялық күші пайда болған соң ғана барып шешімін таба бастады» деп мақтанышпен жалғастырады псевдосаясаткер.