Әблязов елде митинг ұйымдастыру үшін «арам» ақша салуға дайын

198

Мұхтар Әблязов өз жазбасында Навальныйдың қарсылық акциясын ұйымдастыру тәжірибесін талқыға салады, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
«Оппозициялық процесті ұйымдастырушылар халықты жаппай митингке келтіру үшін не ітеуі керегін түсінгім келеді» деп бастайды олигарх. «Қарсылық акцияларының көшбасшылары болуы керек деген ойлар айтылды. Ресейде қарсылық акциясы бір мезгілде 97 қалада өтті. Навальныйдың барлық қалада штабы болған жоқ. Митингіге көпшілік Мәскеудегі көшбасшыларсыз шыққаны белгілі. Белсенділер мен көшбасшылар митинг болған күні пайда болды. 26 наурыздан кейін аймақ қалаларында өткен митингілерге де халық өз бетімен шықты» дейді банкир.
Елінен жырақта қашып жүрген банкирге халық төңкерісті қалай ма, жоқ па, бәрібір. Ең бастысы, кезінде өзі шайқап ішкен мол байлыққа оралу. Мақсаты сырт мемлекетте отырып, халықты билікке айтақтап, ел іргесі шайқалған кезде қайтадан қазынаға қол салу.
Қырғызстанда, Украинада болған сценарийді Қазақстанда қайталауды армандайтын қаншама саяси қашқын бар. Олар Қазақстанда билік басында отырғанда қарапайым халықтың жағдайы алаңдатпаған еді. Енді ақша жымқырып, қуғынға түкенде, елді, жерді ойлағыш болып, тыныштықты бұзуға барын салуда.
«Қарсылық акцияларын өткізуді қолға алатын белсенілер іздеймін» деп жалғастырады банкир. «Әрине оларды тыңғылықты дайындау керек. Митингілер тез басылып қалмау үшін неғұрлым көп адам шығару керек. Менің жекеме, электронды поштама жазыңыздар. Осында, фейсбукта өз ұсыныстарыңыз бен қауіптеріңізді билік тарапынан қуғындалуға себеп жоқ болса ашық бөлісуге боалды»,-дейді Әблязов мырза. Сонда митингі ұйымдастырам деп хат жазғандарды Франциядағы батыр қалай қорғамақ? Олардың істі болмайтындығына, митингі кезінде жарақаттанбайтындығына қалай кепіл бермек? Неге қарапйым халық қайдағы бір қашқын банкир айтты екен деп көшеге шығуы керек? Әлде Әблязов белсенділерге ақша төлей ме? «Адасқан елге арамза молданың» кейпін киген қашқынның өлердегі сөзіне алданып, еруі мүмкін жандардың өміріне банкир жауаптымын деп отырған жоқ.
Шет мемлекетте ақ нанға уылдырық жағып жеп отырған олигарх қарапайым қазақтың не қалайтындығынан хабарсыз. Қазақ үшін ақша мен байлық емес, бір тұтам жердің амандығы қымбат екендігін білсе, елді митингіге шығару үшін бір тақырып тауып беріңдер деп жар салмас еді.