​Әблязов қазақстандықтарды кек қайтару құралы етіп жүр

273

Adym.kz. БТА Банктен қаржы жымқыруға байланысты сот процесі басталғалы бұрынғы олигарх Мұхтар Әблязов саяси қызметін жандандырды. Шетелде бас сауғалап жүрген банкир Қазақстандағы билікті төңкеруге күш салуда. Банкирдің ойынша қазақстандықтар оның кегін қайтару үшін қарсылық акциясын ұйымдастырады.
Соңғы жылдары Әблязов Франция түрмесінде өткізді. 2016 жылдың 6 желтоқсанында босап шыққан бұрынғы банкир енді кегін Қазақстанда төңкеріс жасап қайтаруға бекінген сияқты.
Банкир қазақстандықтар оның қуғында жүрген жылдары мен жымқырылған қаражатының орнын толтыру үшін қарсылық акциясына шығу керек деп есептейді. Оны Фейсбук, Инстаграмм әлеуметтік желілері арқылы елді митингіге шығару үшін не істеуге болады деген сауалдарынан көруге болады. 31 наурызда Фейсбуктағы парақшасында «Қазақстан бойынша, тым болмаса 5-6 қалада митинг ұйымдастыру бойынша. Біздің азаматтар қарсылық акциясына шығу үшін барлығын толғандыратын, кілт болып табылатын тақырып керек. Азаматтарымызды бәрінен бұрын не алаңдататын білу үшін тақырыптар ұсыныңыздар. Негізінде барлығын толғандыратын бір тақырып болса» деп жазады. Яғни, қарсылық ұйымдастыру үшін халықты қандай да болсын желеумен көшеге шығару керек дейді.
Шетелде қашып жүрген қаржыгер өз жақтастарын көбейту үшін арнайы «Қазақстанның демоктартиялық таңдауы» деген қозғалыс құрды. Қозғалыстың бағдарламасына келіскен кез-келген жан оған мүше болады. Бағдарлама әдеттегідей, кез келген партияының бағдарламасынан өзгешелігі жоқ, кезекті жоба.
Олигархтың жазбаларына қарап отырып, келмеске кеткен Кеңес үкіметінің саяси әдістерін қолданатынын байқадық. Оны фейсбук қолданушыларының «Қазақстандық Ленин» деп атауы да тегін емес. Оған, фейсбуктағы 5 сәуірдегі жазбасы дәлел. «Оппозицияға берілген халық көп екендігін білсе батыл келеді. Бұл үшін олар кезінде большевиктер жағасына алқызыл бант таққан сияқты белгі тағуы керек. Өзіндік символ, сырт пішінді бұзбайтын, қолжетімді белгі жасау керек. Ағылшын түйреуішін, болмаса шляпадан көрініп тұратындай есікті қаптайтын декоративті шегені түйреуге болады. Халық ФБ-та талқылап, өзі таңдау жасасын. Болашақта бірлескен қарсылықтың символы болу керек» ,-дейді банкир.
Суға кеткен тал қармайды дегендей, Мұхтар Әблязов қазақстандықтарды өз мақсатына пайдалану үшін фейсбукта күніне бірнеше пост жазады. Жымқырған қаражатты қайтармаудың бір амалы — Қазақстандағы бейбіт өмірді шайқалту, соғыс өртін тұтандыру. Ол үшін олигарх Ресейдегі Навальныйдың әрекетін қайталағысы келетінін жасырған емес.